Fake News

Фейк: «Хаббл» телескопының арқасында ғарыштық қала табылды»

Желі қолданушылары «ТВ3» телеарнасының ескі жаңалықтар сюжетін талқылауда. Онда «Хаббл» телескопы ғарыштағы үлкен қалықтаған қаланы түсіргені туралы айтылады. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл «Құдайдың мекені» болса, басқалары бұл жаңа әлемдер пайда болатын суперөркениетпен құрылған жер дейді. Шын мәнінде, бұл жай компьютерлік графика. 


Аңыз бойынша, ғарыш мегаполисінің жұмбақ суреттері 1994 жылы түсірілген. Ол кезде NASA адамдарды дүрліктірмеу суреттерді құпиялады, дегенмен, кадрлар басып шығарылды, кейіннен Интернетте тарады.

 

Шын мәнінде, телескоптың түпнұсқа суреттерінде Жетіқарақшы шоқ жұлдызындағы NGC 3079 галактикасы бейнеленген. Онда ешқандай қала байқалмайды. Оны кейіннен графикалық редакторлардың көмегімен қосқан.

Алғаш рет ғарыштағы «қолмен жасалған» үлкен объект туралы теория 1994 жылы Weekly World News басылымында жарияланды. Журналдың өзі «пародиялық таблоид» және «басқа планеталықтар, мутанттар, қастандық теориялары, библиялық жорамалдар, ауруларды емдеу және бірбеткей саясаткерлер туралы беделді ақпарат көзі» ретінде белгілі.

Басылымның беттерінен көгал шөп шапқышпен жұптасқысы келген басқа планеталық туралы айтқан ер адамның сұхбатын, Лохнес құбыжығының күшіктері туралы мақалаларды, жеке пәтер кешені аумағындағы бассейннен табылған су перісі және вампирлердің Лос-Анджелестен кетуге мәжбүр екендігі туралы мәлімдемелерді оқуға болады.
Жаңалықтардың күлкілі болғанына қарамастан, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар оларға жиі сенеді, ал басылымда жарияланған фотосуреттер мен мәтіндер интернетте кеңінен тарайды.
Құпиялар мен жұмбақтарды ұнататындар адамдар ғарыштағы түсініксіз құбылыстар мен заттардың елесін жасау үшін әдейі өңделген фотосуреттерді пайдаланады. Мысалы, үстіміздегі жылдың тамыз айында желінің ағылшын тілді сегментінде «жұмақ қақпасы» атты фотосурет тарады, ал тексерген кезде ол суретші Адам Ферристің «500 жылдан кейін» цикліндегі туындылардың бірі болып шықты.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button