Медициналық фейктер

Дәлелсіз: «Қызыл шарапқа малынған сарымсақ 100-ден астам ауруды емдейді»

Желіде өзін-өзі емдеу бойынша тағы бір кеңес талқылануда. Пайдаланушылар базардан сатып алынған сарымсақты қызыл шарапқа малуды ұсынады. Тұнбаны бір ай бойы ішу керек. Шын мәнінде бұл әдістің тиімділігі дәлелденбеген.


Сарымсақ пен қызыл шараптың бірқатар пайдалы қасиеттері бар екеніне қарамастан, оларды медициналық мақсатта қолдану зерттелмеген. Сонымен қатар, сарымсақ пен қызыл шарапты бірге пайдалану мүлдем зерделенбеген.
Сарымсақты шамадан тыс тұтыну жас балалар мен жүкті әйелдерге зиянды болуы мүмкін, бұл асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ, теріге сарымсақ жағу күйікке және күлдіреудің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Алкогольді ішімдіктер, әсіресе қызыл шарап ішуге салыну гипертонияға, бауыр проблемаларына, психикалық денсаулықтың бұзылуына және басқа да ауруларға әкеп соқтырады. 
Осылайша, әлеуметтік желілерде ұсынылған дозаларда сарымсақ тұнбасын ішу ағзаға зиян тигізуі екіталай. Алайда, жүзден астам ауруды емдей алмайды. Оның үстіне, дәрігерге уақтылы барудың орнына өзін-өзі емдеу әрекеттері ауруды асқындырып, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button