Fake News

Фейк: «Дүниежүзілік экономикалық форум Президенті 4 миллиард адам өлуі керек деп мәлімдеді»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Дүниежүзілік экономикалық форум Президенті Клаус Швабқа тиесілі дәйексөзбен бөлісуде. Ол өзінің «COVID-19: Ұлы қайта ретке келтіру» атты кітабында 4 миллиард «пайдасыз жегіштер» өлуі керек деп жазған екен. Бұл өтірік.


Клаус Швабтың «COVID-19: Ұлы қайта ретке келтіру» атты кітабын Желіден табуға болады. Онда 4 миллиард адамның өлімі туралы дәйексөздер жоқ, сондай-ақ «пайдасыз жегіштер» мен әлемді жасырын түрде басқаратын элита өкілдерінен тұратын «комитет 300» қауымдастығы жайлы да айтылмайды.
Бұл дәйексөздің Клаус Швабқа тиесілі еместігін Reuters те жазған болатын. Портал фактчекерлері бұл үзінді белілі конспиролог Джон Коулманның кітабынан алынғанын хабарлады.
Онда келтірілген тезистер манипулятивті немесе Коулманның өз идеялары болып табылады, олар мүлдем расталмайды.

Демек, таратылған цитата Клаус Швабтің сөзі емес. Оны онспиролог айтқан, ал қолданушылар оны Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті мәлімдеді деп ұсынуда.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button