Fake News

WhatsApp-та коронавирустың таралуына байланысты өткен жылғы шектеулер туралы жаңалық таратылуда

Қазақстандықтар мессенджерлерде 22 наурызда пойыздар мен ұшақтардың қозғалысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарламалар таратуда. Сондай-ақ, онда Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек делінген. Бұл ақпараттың қазіргі жағдайға қатысы жоқ.

Шын мәнінде, бұл – Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарынан алынған үзінді. Ол эфирге бір жыл бұрын – 2020 жылғы 18 наурызда шыққан. Онда сол күні болған оқиғалар, оның ішінде коронавирустың елде таралуына байланысты сол кезде енгізілген шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.

Бұл шығарылым толығымен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ресми сайтында мұрағатта сақталған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button