Fake News

Фейк: «Ресейлік вакцинамен егілген қазақстандықтарда жағымсыз әсерлер пайда болды»

Қазнетте «Спутник V» вакцинасының қорқынышты жанама әсерлерін «дәлелдейтін» аудиожазба мен видео таратылуда. COVID-19 қарсы егілген қазақстандықтарда әлсіздік, дененің ауырсынуы, тіпті құрысулар пайда болған. Бұл жағдай Байқоңырда орын алған екен. Бұл – фейк.

«Спутник V» вакцинациясының салдары деп ұсынылған видео шын мәнінде ескі. Ол 2015 жылы Жаңаөзенде түсірілген. Ол кезде қызылшаға қарсы вакцинация 400-ге жуық орта мектеп оқушысында ерекше жанама әсерлер тудырған болатын. Мұндай әсерлер тек қыздарда және тек нақты қалаларда ғана тіркелді, ал вакцинаны ел бойынша жүздеген мың адам алған. Осыны ескере отырып, мамандар кейінірек жанама әсерлердің туындауына вакцинаның өзі емес, жаппай психоздың болуы себеп болды деген қорытындыға келді.

Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация әлі басталған жоқ. Оны 1 ақпанда бастау жоспарланып отыр. Бірінші кезекте екпе мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және тәуекел топтарының басқа да өкілдеріне жасалады.

Сонымен қатар, «Спутник V» вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Ол тышқандарда, приматтардың екі түрінде және адамдардың сыналды. Хабарламада сипатталған жанама әсерлердің туындауы туралы хабарланған жоқ. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button