Алаяқтар супермаркеттен азық-түлік жеткіземіз деп алдауда
Мессенджерлерде Magnum супермаркеттер желісі атынан жіберілген хабарламалар кеңінен таралуда. Онда төтенше жағдай режиміне байланысты азық-түлікке тапсырыс беруге болатын MagnumGO қосымшасы жұмыс істемейтіні және енді телефон арқылы тапсырыс беріп, ақшаны картадан картаға аудару арқылы төлеуге болатындығы айтылған. Бұл алаяқтардың ісі.
Алаяқтар туралы ескерту Magnum супермаркеттер желісінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
– Тапсырыстарды қабылдау және жеткізу MagnumGO қосымшасында жүргізіледі, төлем қосымшада онлайн, тапсырысты алған кезде карта арқылы жүзеге асырылады. Сіздерден сақ болуларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.