Fake News

Әлеуметтік желілерде Назарбаев Университетінің атауын өзгерту туралы фейк тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Назарбаев Университетінің атауын өзгерту туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл фейк.


Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО «Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті» деп аталатын болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.

Хабарламада «әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби» туралы да айтылған. Шын мәнінде
университетте мұндай қызметкер жоқ.
ЖОО-ның ресми сайтында жазылғандай, Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады.
2023 жылы «Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының» ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button