Жаңалықтар

Манипуляция: «Дәрігерлер ауруханалар бос болғандықтан би билеп, челлендж түсіруде»

Қазнет пайдаланушылары ерекше теорияны алға тартуда. Олардың пікірінше, дәрігерлер ауруханалар бос және COVID-19 жұқтырған науқастар жоқ болғандықтан, әлеуметтік желілер үшін би билеп, челлендждер түсіруде. Бұған дәлел ретінде би билеп жатқан дәрігерлер мен медбикелердің видеосы келтірілген. Бұл манипуляция.

Бұл теорияның дәлелі ретінде Telegram мессенджерінде таратылаып жатқан роликтер – бұл LKH-Univ ауруханасында ұйымдастырылған Jerusalema Dance Challenge би челленджінің ұялы телефонға түсірілген видеолары. Klinikum Австрияның Грац қаласында орналасқан.
Клиниканың ресми YouTube арнасында орналастырылған толық роликте пациенттердің, соның ішінде балалардың биге қатысатындығын көруге болады. Яғни, видео түсірілгенде ауруханалар бос болмаған.
– Біздің ынта-жігерімізді видеодан байқауға болады. Бұл коронавирустық инфекцияға қарамастан, Грац клиникасындағы өмір қуанышқа толы екендігін көрсетеді», – делінген видео сипаттамасында.
Түсірілім осы жылдың ақпан айында, ашық мәліметтер бойынша, Австрияда КВИ-дің сырқаттанушылық деңгейі аз болған кезде өткен. Қазір елдегі жағдай нашарлады. Нақтырақ айтқанда, LKH-Univ клиникасында. Klinikum-ға пациенттердің туыстары мен достарына кіруге тыйым салынған. Тыйым аерзентханаларға да қатысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда да КВИ аурушаңдығының өсуі байқалады.
Алматыда 1000 орынға есептелген HALYK ARENA спорт кешенінде орналасқан COVID госпиталі қайта іске қосылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар үшін қосымша төсек-орындар ашылатыны туралы хабарланды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button