Fake News

Фейк: «Медициналық маскалар магнитке тартылады»

Әлеуметтік желі қолданушылары медициналық маскалармен өткізілген жаңа тәжірибені талқылауда. Онда жеке қорғаныс құралын жылытып, оған магнитті жақындатады. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, видеода магниттің маскаға тартылғандығы медициналық өнімнің графенге малынғаны және улы қасиеттері бар екенінің белгісі болып табылады. Бұл олай емес.

Видеода көрсетілген тәжірибенің шынайылығын тексеру мүмкін емес, яғни ролик авторы масканы магнит құлап кетпейтін етіп ұстауы мүмкін, сонда ол медициналық бұйымға тартылғандай болып көрінді. Шын мәнінде, магнит маскаға тартылмайды, өйткені бетперделерде металл бөлшектер жоқ.
Медициналық маскалар тоқыма емес материал – спанбондтан жасалады. Кәдімгі хирургиялық маска бактериялар мен вирустардан қорғайтын үш қабат болады. Сондай-ақ, мұндай маскалар сужұқтырмаушылық қасиетке ие және жоғары және өте төмен температураға төзімді болып табылады.
Кейбір өндірушілер медициналық маска жасау технологиясымен әлі де тәжірибелер жүргізіп, оларға түрлі заттар қосады. Мысалы, Metallifer компаниясы графен жабыны бар SNN200642 үлгісіндегі маскалар сериясын шығарды. Бұл медициналық бұйымдар Канадада таратылды, бірақ көп ұзамай оларды үнемі киіп жүргендердің арасында бас ауруы мен жөтелге қатысты шағымдардың көп болуына байланысты алынып тасталды. Бұл маскалар Қазақстанға мүлдем әкелінбеген.

Манипуляция: «Мектептер мен балабақшаларда улы маскалар таратады»

Сонымен қатар, егер видеода графенмен өңделген Metallifer маскасы көрсетілсе де, бұл өнімнің магниттік қасиеттерін түсіндірмейді. Графен – қалыңдығы бір атом болатын көміртек атомдарының қабаты арқылы қалыптасқан көміртектің аллотропты модификациясы, Оның өзінің ешқандай магниттік қасиеті жоқ – ол өзіне магниттерді тарта алмайды және айналасындағы магнит өрістеріне тартылмайды.
Мұны тек графен жабынының әр атомын фтор атомдарымен байланыстыру арқылы ғана өзгертуге болады. Алайда, Канадада сатылған маскаларда фтор болмаған.
Демек, медициналық маскаға тартылған магнит туралы бейнелер олардың уыттылығын немесе магниттік қасиеттерін дәлелдемейді. Роликтің шынайылығын растау мүмкін емес, ал баршаға белгілі фактілер медициналық бұйымдардың магниттік қасиеттері туралы теорияны жоққа шығарады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button