Фейк: «Pfizer компаниясының мақсаты – Жер халқының санын екі есе қысқарту»
Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла өз компаниясының басты мақсаттарының бірі – планетадағы адамдардың жартысын өлтіру деп мәлімдегені туралы ақпарат тарады. Бұлл келесі жылы, 2023 жылы іске асырылады екен. Бұл жалған.
Бұл жаңалық Альберт Бурланың Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінен алынған үзіндіге негізделген. Оның сөзі мағынасы толығымен өзгеретіндей маңызды бөлігі алынып тасталып, монтаждалған.
Оның сөзінің толық бейне нұсқасын Желіден табуға болады. Онда ол қажетті дәрі-дәрмекті сатып ала алатын адамдар санының 50%-ға азаятыны туралы айтқаны анық естіледі. Яғни, әңгіме адамдарды өлтіру туралы емес, қарапайым азаматтар үшін қол жетімді болатын тиімді, қауіпсіз және ең бастысы қол жетімді дәрі-дәрмек шығару туралы болып отыр.
Вакцинацияға қарсы адамдар роликті дәрі-дәрмек ала алмайтын адамдар туралы сөздерді алып тастаған. Нәтижесінде, Pfizer бас директоры Жер халқының санының азаюы туралы айтқандай болып отыр.
Бұл туралы мамыр айында PolitiFact фактчекинг порталы хабарлаған болатын. Мақалада видеоның адамдарды шатастыру үшін әдейі монтаждалғаны айтылған.
Сонымен, Pfizer компаниясының мақсаттарының бірі – Жер бетіндегі адамдардың жартысын өлтіру деген ақпарат – фейк.