Фейк аккаунттар

Алаяқтық: «Қазақстандықтарға WhatsApp арқылы несиелер ұсынылуда»

WhatsApp мессенджерінде Қазақстан азаматтарына несие беруге дайын француз экономистінің атынан хабарлама тарады. Онымен байланысып, 1-9 миллион теңгеге дейінг алуға болады. Бұл – алаяқтық.

Мұндай алдау жолдары әлем елдерінде көп тараған. Желіде несие ұсынатын алаяқтар туралы ескертулер бар және олардың адамдарды қалай көндіретіні егжей-тегжейлі сипатталған.

Әдетте, шабуылдаушылар әлеуетті клиенттің қызығушылық танытып отырғанын байқап, одан несие рәсімдеу үшін белгілі бір мөлшерде комиссия төлеуін сұрайды.

Осыдан кейін алаяқтармен байланыс үзіліп, олардың көмегіне жүгінген адам несие ала алмай, жіберген ақшасынан да айырылады. 

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Сингапурдың 315 тұрғыны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы несие алуға уәде берген алаяқтардың құрбаны болған.  Қылмыскерлердің құрбандары жоғалтқан ақшаның жалпы сомасы 670 000 долларды құрады. 2019 жылы алданып қалған сингапурлықтардың саны 692-ге дейін өсті, ал шығын 2,2 миллион долларды құрады. Сонымен қатар жағдайлардың бірінде алаяқтар «комиссия жарнасы» ретінде сегіз мың доллардан астам ақша талап еткен.

Сондай-ақ БАҚ-та «жарна» төлеуден бас тартқандарға қоқан-лоққы көрсетіліп, қудалауға ұшыраған, алаяқтар олармен әңгімелесу барысында иемденіп алған жеке деректерді жариялаймыз деп қорқытқаны хабарланды. 

Демек, мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде ірі көлемде несиелер ұсынған адамдарға мүлдем сенуге болмайды. Әдетте, мұндай несие берушілер алаяқтар болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button