Медициналық фейктер

Дәлелсіз:«Лидокаин COVID-19 емдейді»

Қазақстандықтар COVID-19 екі күнде қалай емдеуге болатыны туралы дәрігер-терапевт Узденовтың бейнеролигімен бөлісуде. Оның айтуынша, ғажайып дәрі — лидокаин. Бірақ бұған дәлел жоқ.

Дәрігер лидокаиннің пайдасы туралы ой қорытындыларында өз зерттеулеріне сүйенеді. Оған 22 адам қатысқан, оның 17-сі лидокаинмен, ал қалғандары бекітілген Хаттама бойынша емделген. Дәрігердің айтуынша, лидокаин алған барлық 17 пациент екінші күні тәуір болған.
Айта кетейік, бұл зерттеу еш жерде жарияланбаған, сәйкесінше, рецензияланбаған. Сондай-ақ, дәрігер ешқандай дереккөздерге сілтеме жасамайды, тек жеке тәжірибесі туралы ғана айтады. Демек, бұл тұжырымдарды сенімді деп санай алмаймыз.
Видео авторы тиімділігі дәлелденбеген немесе жоққа шығарылмаған COVID-19 емдеуге арналған басқа да дәрі-дәрмек туралы айтады. Мысалы, дәрігер атап өткен гидроксихлорохин КВИ емдеуде тиімсіз әрі адам өліміне әкелуі өлім мүмкін. Жазбада ол коронавирусты емдеуде АИТВ-ға қарсы лопинавир-ритонавир біріктірілген препараты тиімді деп айтады. Алайда, бұл мәлімдеме 2020 жылғы қазан айында теріске шығарылған болатын. 
Демек, видеода ұсынылған ақпарат дәлелденбеген деп айта аламыз.
Егер COVID-19 белгілері анықталса, өз бетіңізше емделмей, дереу білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button