Жаңалықтар

Фейк: «Microsoft адамның чат-боттарын жасау технологиясын патенттеді»

Telegram арналарында пайдаланушылар Microsoft-тың желіде табылған «адамның чат-боттарын» жасау патентін талқылауда. Ол үшін жеке мәліметтер мен жеке хат-хабарлардан ақпарат жиналады екен. Бұл – фейк.

Хабарламада айтылып отырған патенттің бар екені рас, бірақ онда нақты артикуляция жасай алатын «сөйлейтін бастың» нақты 3D моделін құру туралы ғана айтылған. Мұндай модельдерді жасау үшін мамандарға жеке мәліметтер немесе жеке хат алмасу қажет емес. «Сөйлейтін бас» шынайы болуы үшін модель-адам шынайы өмірдегідей камера алдында сөйлеуі керек.

Бұл технологияны ойын индустриясында, дауыстық көмекшілерді жетілдіру үшін, әлеуметтік желілерде және т.б. қолдануға болады.

Демек, патент пен онда сипатталған жаңашылдықтар адамзатқа ешқандай қауіп төндірмейді. Айта кетейік, бүгінде осыған ұқсас әдістеме киноматографта қолданылып келеді. Күрделі көріністерді түсіру үшін актерлер мен жануарлардың цифрлық көшірмелері жасалады, тіпті сыртқы келбетін цифрлау арқылы кейбір бұрынғы танымал жұлдыздар да «тіріледі». Бірақ бұл цифрлық көшірмелер адамдардың жеке тұлғасын қайталап, олардың жеке деректерін ұрлап, өмір сүре алады деп ойлау дұрыс емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button