Fake News

Манипуляция: «Коронавирус 2003 жылы да өршіген, бірақ локдаун болған жоқ»

Қазнетте 2003 жылғы 13 маусымдағы газеттен алынған қиындының суреті таратылуда. Мақала «Коронавирус өршіп барады» деп аталған. Хабарлама авторларының айтуынша, 17 жыл бұрын ауру болса да, локдаун жарияланбаған, санитарлық талаптар күшейтілмеген, есесіне бұл өлім-жітімнің артуына әкелмеген. Мұндай мәлімдемелер манипуляция болып табылады.


Коронавирустар – бұл 43 түрден тұратын вирустар отбасы екенін түсінуіміз керек. Олардың 7-і адамда болады. 2002-2003 жылдары олардың бірі – SARS–CoV атиптік пневмонияның өршуіне себеп болды. Коронавирустың осы штаммына шалдыққан науқастар 29 мемлекетте тіркелде. Барлығы 8098 адам инфекция жұқтырып, 774 адам қайтыс болған. Науқастардың басым бөлігі Қытай, Гонконг, Тайвань, Сингапур және Канада елдерінде тіркелді. Соңғы науқас 2003 жылдың шілдесінде Тайваньда анықталған. Аурудың таралуы өте тез және оңай тоқтатылғандықтан, қатаң карантиндік шаралар қажет болмады.
СOVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының штаммы тек 2019 жылдың соңында ғана анықталды. Ауру жұқпалы болып шықты, өлім деңгейі өте жоғары болды. Бүгінгі таңда коронавирустық инфекциядан 1 431 851 адам көз жұмды, 60 930 571 адам ауруды жұқтырған.
Ауру қауіпті деп танылғандықтан және вакцина әлі әзірленбегендіктен, ДДСҰ медициналық маска тағу, қолды жиі жуу және санитайзерлерді қолдану сияқты қосымша сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау ұсынылады.

Демек, 2003 жылғы атиптік пневмония мен COVID-19 әртүрлі коронавирустардан туындаған. Аурулардың таралу жылдамдығы мен қауіптілік деңгейі әртүрлі болғандықтан әлемде қабылданатын санитарлық талаптар да әртүрлі болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button