Fake News

Фейк:«Симпсондар» пандемияның болатынын болжаған, ал 2021 жылы соғыс пен қирау орын алады дейді»

Әлеуметтік желілерден «Симпсондар» мультсериалында айтылған болжамдарды жиі кездестіруге болады. Әйгілі мультфильмде ақыр заман, апокалипстің төрт салт аттысы, тіпті 20 жылдың 2021 қаңтарында болатын робот сарбаздарымен соғыс көрсетілген. Кейбір пайдаланушылар сериалда сипаттталғанға сенеді. Өйткені бұған дейін онда пандемия, Париж Құдай Анасы соборындағы өрт, Трамптың президенттігі және басқа да орындалған оқиғалар «болжаған». Бірақ бәрі бірдей емес.

Мультсериалды жасаушылардың алдын ала болжау қабілеті бар немесе құпия ақпаратқа ие екендігі туралы теория 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейін пайда болды. Ол кезде Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратына террорлық шабуыл жасалып бұзылған. Кейбір көрермендер қос мұнара аясында 9$ деп жазылған журналдың мұқабасын байқады. Жалпы, иллюстрация трагедия орын алған күнге ұқсас сияқты – 9.11. Бұл эпизод алғаш рет 1997 жылы көрсетілді. Кейіннен шоу жүргізушілерінің өздері бұл кездейсоқ жайт екенін және террорлық шабуыл туралы ештеңе білмегендерін айтты.
Дегенмен, пайдаланушылар «белгілерді» іздей берді. Олардың бірі Дональд Трамп нақты сайланғанға дейін 17 жыл бұрын президент болатындығының болжануы.
– Трампқа қатысты, 2000 жылы біз президент бола алатын күлкілі атақты тұлғанф іздедік. Бұл жай болған жоқ, бұған дейін Трамп болашақта президенттік жарысқа қатысуды ойлап жүргенін айтқан болатын, – деп түсіндірді шоуранерлердің бірі Эл Джин.
Жалпы, мультсериалды жасаушылар кейбір эпизодтарда ішінара болашақтың болжанатынын ерекше деп санамайды.«Егер көп болжам жасасаңыз, онда оның 10% – ы орындалуы мүмкін», – деді Эл Джин.
Бұл позиция «Өте үлкен сандар заңымен» де — 1989 жылы математиктер Перси Диаконис пен Фредерик Мостеллер сипаттаған ықтималдық теориясы принципімен бекітіледі. Оған сәйкес,«Егер таңдау көп болса, онда кез келген оқиға орындалуы мүмкін».«Симпсондар» теледидардан 1989 жылдан бастап көрсетілуде, бүгінде 32 маусымы және 692 эпизоды бар екенін ескерсек, таңдайтын нәрсе көп екені рас.
Сонымен қатар, кейде жанкүйерлер фактілерді елемей, мультсериалды жасаушылардың болжау қабілеттерін асыра көрсетеді. Мысалы, 1993 жылы болжанған COVID-19 пандемиясы қазір болып жатқан жағдайдан мүлдем өзгешк. Біріншіден, мультфильмде вирус Жапонияның Осака қаласынан таралды және ол ауруды жұқтырған қызметкер жинаған сәлемдемелер арқылы берілген. COVID-19 алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. Сондай-ақ, оның сәлемдемелер және тұрмыстық заттар арқылы берілмейтіні белгілі. Сонымен қатар, сериалда ауруды Спрингфилдтің барлық тұрғындары жұқтырады (мультфильмде оқиғалар өрбитін ойдан шығарылған қала – Ред.). Шын мәнінде, SARS-CoV-2 вирусы соншалықты жұқпалы емес.
Кейде қастандық теорияларын жақтаушылар болжамдарды толықтай бұрмалайды. Мысалы, Париж Құдай Анасы соборында өрт шыққанда Интернет қолданушылары ғимаратқа графикалық редактормен жалындар қосқан.
2021 жылғы оқиғалар сипатталған серия АҚШ-та Хэллоуин қарсаңында шыққан және жасаушылар оны аса қорқынышты етіп істеген. Онда сипатталған оқиғалардың орындалатынына ешқандай алғышарттар жоқ. 
«Симпсондар» сериялы танымал болса да, сәуегейлік емес. Алдағы уақытта роботтармен соғыс болатынына да еш негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button