Fake News

Фейк: «Сыртқы бақылау камерасына белгісіз ұшатын нысан түсіп қалған»

Қазнет пайдаланушылары ауданда аспанда айналып тұрған жарық бейнеленген роликпен бөлісуде. Онда видеода не көрсетілгенін түсіну «мүмкін емес» деп жазылған. Бірақ бұл олай емес. Бұл құбылысты түсіндіру оңай.
Бүгінде бейнежазбаны Желіден табуға болады.

Ол 2021 жылдың 18 қарашасында түсірілген. Сондай-ақ түпнұсқа видеодан шамдардың қозғалысын көруге болады. Аспандағы жарық шеңбер «құрып», ортасына қарай тартылады, содан кейін тарап, қайтадан айналып қозғалады.
Спорттық немесе ойын-сауық шаралары кезінде орнатылған шамдар да осылай қозғалады.

Айта кетейік, бұл видео Вирджиния штатында түсірілген, онда өткен жылдың қараша айында ірі мәдени шаралар көп болды. Мысалы, 2021 жылдың 18 қарашасында кешке Рождестволық цирк өнер көрсеткен. 
Шамдарды бұған дейін де белгісіз ұшатын нысан деп ойлаған жағдайлар болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ-та жазылған.

Демек, видеодағы шамдар жерде орналасқан және олардың қозғалысын түсіндіру оңай. Бұл – ірі шара үшін орнатылған прожекторлардың жарығы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button