Фейк: «Әуежайда ұшақтың химикаттар шашқан кезі кездейсоқ видеоға түсіп қалған»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар ұшақтың ұшқан сәті түсірілген видеоны талқылауда. Кейбіреулер қозғалтқыштан шыққан пайдаланылған газды зиянды химиялық заттардың шығарылуы деп ойлап қалған. Бұл олай емес.
Видеодағы ұшақ Japan Airlines әуе компаниясына тиесілі. Басқа әуе тасымалдаушылары сияқты, биыл осы ұйым да ұшулар санын едәуір қысқартуға мәжбүр болды. Japan Airlines сайтында жарияланған 2020 жылдың екінші тоқсанындағы қаржылық есепте жолаушылар ағыны 97,7%-ға төмендегені туралы айтылған.
Қажет емес ұшақтардың бір бөлігін тоқтатып қоюға тура келді. Бұл – ұзақ уақыт тұрып қалған кезде борттардың сақталуын қамтамасыз ететін күрделі процесс.
Ұшақ біраз тұрғаннан кейін қайта желіге қосылғанда, қозғалтқышқа ерекше назар аударылады. Әдетте, алғаш рет іске қосқанда одан газ көп шығады. Бұл құбылыс түсірілген видеолар аз емес, оларды Интернеттен көруге болады.
This morning 11H30LT at #LFMP / #PGF after 6 years of storage. First engine start up after very long maintenance. Libya01 5A-ONE is back. pic.twitter.com/NZt9CvZXYJ
— Phoenix Aviation (@vincent_vannier) October 14, 2020
Айта кетейік, химтрейлдер теориясын дәлелдейтін видеода нақты жолаушылар ұшағы көрсетілген. Оның түрлі заттар шашатын техникалық мүмкіндігі жоқ. Әлемде әуеден су немесе жалынды басатын қоспаларды шашу үшін өрт сөндіру ұшақтары қолданылады. Олар барлық қажетті техникалық сипаттамаларға ие және жүк көтергіштігі жоғары. Мұндай кемелердің танымал модельдері Bombardier 415, be-200, Martin Mars, қайта жабдықталған Ил-76 және Ан-32 болып табылады.
Қорыта айтқанда, видеода ұзақ тұрғаннан кейін іске қосылған ұшақтың қозғалтқышынан шыққан газ көрсетілген. Ал химтрейлдер теориясы – біз бұрыннан айтып жүрген аңыз әңгіме.