Fake News

Әлеуметтік желілерде Pepsi мен Coca-Cola сусындарының атауына қатысты фейк тарады

Instagram-да танымал Pepsi және Coca-Cola сусындарының атауларының мағынасы «түсіндірілген»  ақпарат тарады. Pepsi – бұл P (Pay) E (Every) P (Penz) for S (Saving) I (Israel) (әрқайсың Израильді құтқару үшін пенстен төлеңіз), ал Coca-Cola аббревиатурасын айнадағы кескінін оқығанда, араб тіліндегі «Мекке жоқ, Мұхаммед жоқ» деген сөз шығады екен. Мұның бәрі фейк.

 

Pepsi-ді Израильді қаржыландыру үшін сионистер өз бақылауына алған деген жалған мәлімдемелер 1980 жылдары пайда болған. Бастапқыда бұл теория тек араб оқушыларының арасында ғана айтылды. Содан кейін фейк студенттік ортаға ауысты, түрік журналистерінің арасында, тіпті араб телевидениесіндегі бағдарламаларда да айтылды. Бұл туралы түрік шолушысы Бурак Бекділ жазған.

Pepsi 1893 жылы шығарылған. Оны Калеб Брэдхэм ойлап тауып, оны өз есімімен атаған. 1898 жылы «Брэд сусыны» Pepsi-Cola болып өзгертілді. Ал 1961 жылдан бері ол Pepsi атауымен белгілі. Бастапқыда Брэдхэм лимонадты ас қорытуды жеңілдететін құрал ретінде шығарған. Асқазаны қорытпай қалғанда немесе диспепсия болғанда, тұтынушылар Pepsi сатып алатын болған. Грек тілінде pepsis – ас қорыту, ал пепсин – асқазан сөлінің қажетті құрамдас бөлігі дегенді білдіреді. Айта кетейік, бұл фермент сусынның құрамында мүлдем болған емес. Оның құрамына су, ваниль, қант және басқа ингредиенттер кірді.

Фейк тарихи шындықты да жоққа шығарады. Израиль мемлекеті сусын пайда болғаннан кейін 55 жыл өткен соң ғана құрылған – 1948 жылы 14 мамырда.

Coca-Cola сусынына келетін болсақ, 2018 жылы оның логотипінің жасалуы да фейктің таралуына сеп болды. Сусынның атауын кері оқығанда, араб тіліндегі «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деген сөз шығады екен. Бұл ақпаратты Coca-Cola-ның Түркиядағы ресми өкілдігі жоққа шығарды. Компания өкілдері қауесеттер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Сондай-ақ «Malumatfuruş» түрік фактчекинг порталы Coca-Cola Turkey Дін істері басқармасынан компания логотипінде діни құндылықтарды қорлаудың бар-жоғына қатысты жазбаша қорытынды жазып беруін сұрағанын жеткізді.

Түркияның Дін істері жөніндегі Жоғарғы кеңесінің төрағасы Экрем Келеш қол қойған жауап хатында былай делінген: «Компанияңыздың логотипін кері жазу мұқият тексерілгенімен, оны араб өрме жаузымен байланыстыру мүмкін болмады. Сондықтан логотипті кері жазудың мағынасы жоқ». Демек, Coca Cola логотипін кері оқу ештеңені білдірмейтінін растады.

Coca-Cola атауын 1886 жылы Фрэнк М. Робинсон ойлап тапқан. Сауда маркасының логотипін де бірегей қаріппен өзі жасаған, ол «екі С жарнамада жақсы көрінеді» деп ойлаған. Тақырыптың жазылуында басқа мағына болмаған және жоқ.

Демек, танымал сусындардың атауларын «түсіндіру» туралы ақпараттар жалған болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button