Fake News

Фейк: «Ухань биологиялық зертханасы, Pfizer және ДДСҰ Билл Гейтс арқылы байланысты»

Қазнетте Sars-CoV-2 вирусын алғаш анықтаған Ухань биологиялық зертханасы, осы вирусқа қарсы вакцина әзірлеген Pfizer және пандемия жариялаған ДДСҰ оларды Билл Гейтс қаржыландыратындықтан өзара байланысты деген ақпарат тарады. Бұл олай емес.


Бұл фейк SARS-CoV-2 коронавирусының штамдарын адамдар қолдан жасаған және оны әзірлеген Ухань биологиялық зертханасының қызметкерлері деген қастандық теориясына негізделген. Алайда бұған дәлел жоқ. Көптеген ғалымдар вирус табиғи пайда болған деген ортақ пікірге келді. Жаңа штамм анықталғаннан кейін ғалымдар бірден «SARS-CoV-2 вирусының проксимальды шығу тегі» туралы зерттеулер жүргізді. Олар бүкіл кезеңде штамм ұшыраған мутациялар тірі организмнен тыс жерде бола алмаған деген қорытынды жасады. Мұндай мутациялардың бірі вирустың адамнан адамға жұғу қабілетіне әкелді. Бұрын ол тек жануарларға ғана берілетін.
Демек, Уханьдағы зертхана немесе әлемдегі кез келген басқа зертхана вирусты қолдан жасамаған.
Уханьдағы вирусология институтының иесі британдық GlaxoSmithKline фармацевтикалық компания деген де жалған. Мекеме ҚХР Үкіметіне қарасты Қытай Ғылым академиясының иелігінде. Институт мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Бірақ Pfizer GlaxoSmithKline шынымен ішінара байланысы бар. 2018 жылы олар денсаулық сақтау саласындағы бизнестерінің бір бөлігін біріктірді. Алайда, бірде-бір компания екіншісін сатып алған жоқ және олар бір-бірінің ішкі процестеріне араласа алмайды.
BlackRock компаниясы Pfizer акцияларына ие болса да, ең ірі акционер емес. BlackRock 10,8% акциясына ие. Сонымен қатар, 11,7 бағалы қағаздар Vanguard Group-қа тиесілі

Джордж Сорос компаниясы 2020 жылдың наурызына дейін BlackRock акцияларының аз пайызын иеленген. Қазіргі кезде Сорос қоры BlackRock акционері емес. 
Билл мен Мелинда Гейтс тарапынан ДДСҰ-ға қаржылай қолдау көрсетілетіні құпия емес. Сондай-ақ, филантроптың Pfizer-ге де қаражат салғаны https://open.who.int/2018-19/contributors/contributor) (https://sif.gatesfoundation.org/investments/pfizer/ Алайда, бұл адамзатты жою немесе оны қанау ниетімен жасалғанына ешқандай дәлел жоқ.

Қорыта айтқанда, әлемдік үкіметтің құпия жоспарларын жүзеге асыратын ұйымдардың желісі туралы теория расталған жоқ. Кейбір компаниялардың жанама болса да өзара байланысты болуын ұқсас қызмет ету салаларымен және корпоративтік мүдделердің қиылысуымен оңай түсіндіруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button