Алаяқтар театрға жалған билеттер сатуда
Қаскүнемдер қазақстандықтарды М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының атынан алдауда. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көрсетілмейтін спектакльдерге билет сатып жатқан алаяқтар туралы хабарлады.
Елорда тұрғынына Telegram мессенджері арқылы «Вий» спектакліне билет сатып алу туралы ұсыныс келіп түскен. Ол хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өткен. Бірақ төлем жасау кезінде ол болмауы тиіс күдікті операцияларды байқаған. Жағдайды анықтау үшін ол театр кассасына хабарласқан. Онда «Вий» спектаклі қазіргі репертуарда мүлдем жоқ екенін айтқан.
Бұдан кейін елордалық тұрғын билеттер ұсынған алаяқтарға қайта хат жазған, бірақ олар жауап бермеген және барлық хат-хабарларды өшіріп тастаған.
– М. Горький атындағы МАОДТ сайт пен жіберілген сілтеменің (https://dramtheatrkz.ru/buytickets/viy/?date=25.12.20) фейк парақша және театрдың нақты мекен жайы көрсетілгеніне қарамастан, оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екендігін ресми түрде мәлімдейді, ал сайтта жарияланған адамдар театр қызметкерлері емес. Сондай-ақ, театрдың жарнамалық дамыту қызметі кері байланыс үшін Telegram мессенджерін пайдаланбайды, – деп хабарлады М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, театр өкілдері көрермендерге біреулер билетті мессенджерлерден, әлеуметтік желілерден немесе театрдың басқа да бейресми платформаларынан сатып алуды ұсынса, әкімшілікке, кассаға немесе жарнама бөліміне хабарласуға кеңес берді,
М. Горький атындағы театр жұмысы туралы өзекті ақпаратты ресми сайтта (http://rtd.kz/ru/) және мына телефондар бойынша нақтылауға болады:
8 7172 32 40 53
+77072026597
+77013380598
+77071721978.