Fake News

Фейк: «Селфи қауіпті, өйткені қаскүнемдер сіздің ойыңызды оқуы мүмкін, ал телефон арқылы цифрлық клон жасайды»

Қазақстандықтар Федералды күзет қызметінің бұрынғы генерал-майоры Борис Ратниковтың видеосын талқылауда. Отставкадағы әскеридің пікірінше, селфи жасау қауіпті. Фотосуретке қарап, қаскүнемдер адамның ойрын оқи алады, ал суретті түсірген құрылғы «цифрлық клон» жасап, ол адамның «энергиясын өшіруі» мүмкін. Бұл олай емес.


Борис Ратников 1990 жылдары Президент Ельцинді қорғау қызметінде жұмыс істеген. Экстрасенсорикаға, телепатияға және оккультизмге деген ашық қызығушылығы үшін ол «Кремль Мерлині» деген лақап атқа ие болған. Халық ол туралы 2006 жылы «Российская газета» басслымы сол кезде АҚШ Мемлекеттік хатшысы болған Мадлен Олбрайттың «ойын сканерлегені» туралы материал жариялаған кезде білді. Ол үшін чекистерге бір ғана фотосуреті қажет болған. Ратниковтың айтуынша, Олбрайт сонда Ресей айтарлықтай табиғи ресурстарға ие, ол бұған сай емес, оларды тартып алу керек деп ойлаған. Кейіннен Мемлекеттік хатшының өзі бұл туралы ешқашан ойламағанын және айтпағанын жеткізді.
Бұдан кейін Ратников тағы бірнеше сұхбат беріп, психотронды қару-жарақ пен адамдарды зомбиге айналдыру механизмдері сияқты «құпия жобалар» және «ФКҚ аса құпия бағдарламалары» туралы егжей-тегжейлі әңгімелеген. Оның айтуынша, Ресейде ғажайып технологияларды жасау 1920 жылдары қолға алынған. 
Сонымен қатар, Борис Ратников атауы қызық бірнеше кітап жазған: «Тағдыр жолы және оның жиегіне шықпаудың амалы», «Пси-әсерлер және олардан қорғану», «Арнайы қызметтердің түсінігіндегі әлем бейнесі: мистикадан ұғынуға дейін» және т.б.. Айта кетейік, ол өз еңбектерін өз бетінше жариялады. 
Әрине, Ратниковтың сөздерін Ресей Федерациясының ресми өкілдері немесе Үкіметі ешқашан растамаған.
Дегенмен, ол YouTube үшін видеолар жазып, блогерлер мен қастандық теорияларын жақтаушыларға сұхбат береді.
Осы видеолардың бірінде Ратников фотосуреттің зияны туралы айтады. Шын мәнінде, цифрлық камера ешқандай қауіп төндірмейді және суреттегі адамның ойы мен жеке деректерін біле алмайды. Ол жарық бөлшектерін электр сигналдарына, содан кейін оны цифрлық ақпаратқа айналдырып, тек фотондарды ғана өзгертеді. Фотондар арқылы суретке түскен адамның жеке басы туралы ойлар да, ақпараттар да берілмейді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда адамның ойын оқу әлі де болса, ғылыми фантастика, өйткені ғалымдар адамның не ойлап тұрғанын немесе не істегісі келетінін анықтай алатын құрылғыны әлі ойлап тапқан жоқ. Әрине, ментализм және Экман жүйесі сияқты әдістер бар, олар көп дайындалған жағдайда адамның эмоционалды күйін анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір заманауи жүйелер ми импульстарын бейнелерге, тіпті сөзге айналдыра алады, бірақ бұл әзірлемелер нақты «адам ойын оқудан» алыс.

Өзін суретке түсіруге аса құмар адамның цифрлық клонын жасауға келетін болсақ, бұл қиял. Әрине, цифрлық фоторобот, тіпті заманауи компьютерлік ойындарда ойыншының өзіне ұқсайтын кейіпкерді жасауға болады. Кинематографта актерлер мен жануарлардың цифрлық көшірмелері кеңінен қолданылады. Бірақ бұл цифрлық көшірмелер жеке өмір сүреді, адамдардың тұлғасын толықтай қабылдай алады деп ойлау дұрыс емес. Цифрлық портрет «адам энергиясын» алады немесе оның денсаулығына әсер етеді деп айту да дұрыс емес.
Қорыта айтқанда, цифрлық фотосуреттер қауіпті деген мәлімдемелер дәлелденбеген және қазіргі ғылымға қайшы келеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button