Fake NewsАлаяқтық

ҚР Заңгерлер қауымдастығы жалған брокерлерден зардап шеккендердің ақшасын қайтарады – фейк

Қазнетте жалған брокерлерден зардап шеккендердің ақшасын қайтару туралы жалған жарнама белсенді таратылуда. Бұл жолы хабарлама ҚР Заңгерлер қауымдастығының атынан шыққан. Мұндай хабарландыруларға сенбеңіз.

ҚР Заңгерлер қауымдастығы туралы мәлімет табылмады. «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі бар. Оның сайтында жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару туралы ақпарат жоқ.

Жарнамада адвокат, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарованың суреті пайдаланылған.

Құқық қорғаушының Instagram-дағы  ресми парақшасында мұндай ақпарат жоқ.

Жарнамадағы онлайн алаяқтар сілтеме арқылы өтуді ұсынады. Онда «Sattar Consulting» заң компаниясының порталы ашылады. Бұл жалған сайт. Мұндай компания бар, бірақ оның сайты мүлдем басқа. Оның қызметкерлері қазақстандықтарға қарызын өндіріп алуға көмектеседі.
Алаяқтар жалған сайтта тегін кеңес береді. Бірақ өтінішіңіз бойынша жұмысты бастау үшін жеке деректерді ұсыну қажет.

Өзіңіз туралы мәліметтерді бермес бұрын мұқият болыңыз және әрқашан ақпаратты тексеріңіз. Алаяқтар көбінесе қаржылық ақпаратыңызға қол жеткізу үшін жалған сайттар жасайды.

Бұған дейін алаяқтар осындай схемада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің суреттерін пайдаланған болатын.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button