Fake News

Фейк: «Вакцинацияланбаған адамдар ДДСҰ цифрлық сертификатына байланысты мемлекеттік қызметтерді ала алмайды»

Telegram арналарында ДДСҰ цифрлық денсаулық сертификаттарының жаһандық желісін дайындап жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Вакцинацияның цифрлық паспорты негізге алынады екен. Яғни КВИ-ге қарсы вакцинация салдырмағандардың бәрі дискриминацияға ұшырайды. Олар мемлекеттік қызметтерді ала алмайды және ұдайы медициналық бақылауда болады. ДДСҰ цифрлық сертификат арқылы вакцинацияланбағандардың құқықтарын шынымен шектей ме? Анықтайық.

ДДСҰ Еуропалық комиссиямен бірлесіп, 2023 жылғы маусымда цифрлық денсаулық сақтауды сертификаттаудың жаһандық желісін құра бастады. Бұл үшін Еуропалық Одақтың COVID-19 бойынша цифрлық сертификаттау жүйесі пайдаланылатын болады. Басты мақсат – адамзат денсаулығын, оның ішінде болашақта пандемия мен эпидемиялардан сақтау және қорғау. ДДСҰ лайықты медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар цифрлық өнімдерді әзірлейді.

Жаңа бағдарламаны іске қосу үшін ЕО-ның COVID-19 бойынша цифрлық сертификаттары әлі де тиімді жұмыс істеуі керек. Бүгінде оларға 80 ел, соның ішінде Еуропалық Одаққа кірмейтіндер мемлекеттер де қосылған. Барлығы 2,3 млрд астам сертификат берілді. Бұл құжаттарда вакцинация, тестілеу және КВИ-ден айығу мәліметтері көрсетіледі. Сертификат кезінде халықаралық сапарларды жеңілдетіп, туризм индустриясына қолдау көрсетті. Еуропалық Одақтың COVID бойынша цифрлық сертификаттар туралы регламентінің мерзімі 2023 жылдың 30 маусымында аяқталды.

Жаһандық цифрлық денсаулық сақтауды сертификаттау желісі цифрлық қолтаңбаларды тексеруге мүмкіндік беретін ЕО стандарттарын пайдаланғысы келеді. Бұл алаяқтық схемаларды болдырмауға септігін тигізеді. Бұл ретте ДДСҰ дербес деректерге қол жеткізе алмайды, олар үкіметтердің меншігінде қалады.

Сонымен қатар жаһандық цифрлық денсаулық сақтау желісі халықты вакцинацияланған және вакцинацияланбаған деп те бөлмейді. Вакцинацияланбаған адамдар мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алмайды немесе қосымша медициналық бақылауда болады деп те айтылған жоқ. Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button