Fake News

Фейк: «Антарктикада Мысырдағыдай пирамидалар табылды»

Әлеуметтік желі қолданушылары 2017 жылы Антарктидаға әскерилер қонған кезде түсірілген видеоны таратуда. Олар Оңтүстік полюсте пирамидалар тапқан екен, видеода бұл өзгеғаламшарлықтардың кемелеріне арналған база болуы мүмкін делінген. Мұның бәрі фейк.

Мән-жайды түсіндіріп өтейік.

Видеодағы скриншот арқылы суреттерді кері іздеу арқылы таралған видеоның екі бөліктен тұратыны анықталды. Біріншісі – 2017 жылы өткен оқу-жаттығулар. Ол кезде АҚШ армиясының ширек бригадасының парашютистері, 25-ші жаяу әскер полкі Аляскаға қонған болатын. 

Бұл видеода пирамидалар болмаған, Аляска Антарктикаға емес, Солтүстік полюске, яғни Арктикаға әлдеқайда жақын орналасқаны белгілі. 

Таралған видеоның пирамидалары бар екінші бөлігі – видеомонтаж. Ол Антарктикадағы үш пирамида туралы ескі фейкке негізделген. Бастапқыда Желіде бұл пирамидалардың фотосуреттері таралды. Ол жалған болып шықты – оларды s3ctur3 лақап атымен белгілі DeviantArt суретшілеріне арналған портал қолданушысы жасаған.

Сондай-ақ кейбір пайдаланушылар Антарктикадағы Винсон массивінің үш тауын пирамида деп санайды. Оларды Google Maps қызметі арқылы көруге болады.

Құс ұшар биіктіктен олар пирамидаға ұқсайды, бірақ бұл олардың қолдан жасалғанының белгісі емес.

Бұл пішінді тауларда орналасқан мұздықтардың бір-біріне қарай қозғалып, беткейлерді «тегістеуімен» түсіндіруге болады. Сондай-ақ тау жыныстарының таңқаларлық формалары ауа райының әсерінен болуы мүмкін: жұмсақ және кеуекті жыныстар тез бұзылады, ал қатты жыныстардың бұзылуына, керісінше, ұзақ уақыт қажет, оның барысында олардың пішіні сүйір болып кетуі ммүкін. 

Демек, таралған видео фейк. Ол екі бөліктен тұрады, олардың бірінің пирамидаларға да, Антарктикаға да қатысы жоқ, ал екіншісі графикалық редакторлардың көмегімен жасалған.

Оңтүстік полюсте пирамидалар жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button