Fake News

Ер адамға ренжіген әйел fake-ақпарат таратқан

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют қаласының тұрғындары өз ауылдастары туралы естен тандырарлық хабар алды. WhatsApp мессенджерінде оның фотосуреті мен келесі мәтін таралды:

«Сақ болыңыз! Мамлют қаласында, жұмысшылар кентінде маньяк шығыпты, ол өз құрбандарын кешкісін іздейді. 30.07.20ж бір қыздың соңына түскен, бақытымызға орай, ол қашып кетті. Қаскүнем бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған».

Жалған ақпаратты Мамлют қаласының 27 жастағы тұрғыны таратқан екен. Осылайша ол өзін ренжіткен жігітті көпшілік алдында қорламақ болып, осы оқиғаны ойлап тапқан, деп хабарлады полицияның медиа орталығынан.

«Мұндай әрекеті үшін тәртіп бұзушыға180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін осындай жаза қарастырылған. Бақытымызға орай, дүрбелең болған жоқ. Жалған хабарлама анықталған соң 2-3 сағаттың ішінде аудандық бөлімнің 20-ға жуық қызметкері бұл жағдайды жоққа шығарып, Мамлютка қаласының барлық дерлік WhatsApp-топтарына жалған ақпарат таратпау туралы өтініш жазды», – деп түсіндірді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

3 тамызда әкімшілік сот отырысы өтті, онда медиация тәсілі нәтижесінде жәбірленуші шағым беруден бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button