Fake News

Тұмауға қарсы вакцина COVID-19 ауыру қаупін арттырмайды

Казнет қолданушыларын тұмауға қарсы вакцина COVID-19-бен ауыр түрде ауруға әкелуі мүмкін деген ақпарат алаңдатуда. Мамандар осындай қорытынды жасаған екен. Шын мәнінде, бұл зерттеудің SARS-coV-2 коронавирусына еш қатысы болмаған, ал қолданылған әдістер ғылыми ортада күмән тудырды.

Біріншіден, желі қолданушылары сілтеме жасап отырған зерттеу АҚШ-та 2017-2018 жылдары жүргізілген, бірақ қорытындылары енді ғана жарияланған. Ол кезде SARS-coV-2 штаммы адамзатқа белгісіз болған. Мамандар вакцинациялау мен ЖРВИ тудыратын вирустардың байланысын ғана зерттеген.
Екіншіден, тәжірибе барысында оны өткізу маусымы да, қатысушылардың жасы да, анамнез де ескерілмеген. Осы факторлардың барлығы ЖРВИ ауруына және аурудың ауырлығына әсер етуі мүмкін.
Үшіншіден, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, АҚШ армиясының зерттеулері жарияланғаннан кейін тұмауға қарсы вакцина мен коронавирустық инфекцияның ықтимал байланысын тексеруді қамтитын бірқатар басқа тәуелсіз тәжірибелер жүргізілді. Олардың барлығы вакцинацияланған және тұмауға қарсы екпе жасатпаған адамдарда КВИ-мен ауыру мүмкіндігі шамамен бірдей екенін көрсетті.

Демек, маусымдық тұмауға қарсы вакцина мен COVID-19 арасындағы байланыс ескі және сенімсіз мәліметтерге негізделген манипуляция.
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button