Fake News

Атырау маңындағы блокпосттар туралы қауесетті облыс әкімдігі жоққа шығарды

Қазнетте ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Атырау қаласының карантинге жабылатыны туралы ақпараттың скриншоты тарады. Қаладан шыға беріске блокпосттар қойылған, ал Атыраудан кеткісі немесе қалаға оралғысы келетіндер 1 сәуір сағат 23.59-ға дейін үлгеруі тиіс. Бұл жалған.

Атырау облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


– Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл өткен жылғы жаңалықтың скриншоты, – деп хабарлады ведомстводан.


Қазір қала маңында блокпосттар жоқ, кіру және шығу жолдары ашық.
29-30 наурыз аралығында Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны тәулігіне 75 құрады.  Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, Атырау облысы COVID-19 сырқаттанушылық деңгейі бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Фейктерді әшкерелеу  біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button