Фейк:«Вакциналардың құрамында көп мөлшерде у бар»
Қазнетте вакциналар- бұл биологиялық қару өйткені олардың құрамында көп мөлшерде өлімге әкелетін у бар. Хабарлама авторы COVID-19 вакцинасының бірінші дозасы адамның иммунитетін бұзады, ал екіншісі оны баяу өлтіреді деп мәлімдейді. Бұл жалған.
У – дене салмағына қарай белгілі бір мөлшерде ағзаның өмірлік белсенділігінің бұзылуына: улануға, ауруға және өлімге әкелетін зат.
Тиісінше, егер адамға көп мөлшерде у берсе, онда қысқа уақытта өлім ықтималдығы жоғары болады.
Вакциналарда у жоқ. Иммундау үшін пайдаланылатын барлық препараттар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтеді және олардың қауіпсіздігі тексеріледі.
COVID-19 қарсы вакциналар да тексеріледі. Бұрын қолданылған және сынақ сатысындағы вакциналардың толық тізімі ДДСҰ сайтындан ұсынылған. Тізімде әзірлеушілердің толық деректері, олар пайдаланатын материалдар, сондай-ақ клиникалық сынақтар туралы есептерге сілтемелер берілген.
Бұған қолданылған COVID-19 қарсы вакциналарында қандай адъюванттар пайдаланылғаны туралы мәліметтер де баршаға қол жетімді.
Вакцина алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң денсаулыққа байланысты күрделі проблемалар туындауы мүмкін деген тұжырымға дәлел жоқ. Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның адамдарға клиникалық сынақтар басталғалы бір жылға жуық уақыттан бері егілуде. Сынақтар 2020 жылғы 5 мамырда басталды.
Moderna өз вакцинасын сәл кейінірек – 2020 жылдың шілдесінде сынай бастады.
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынақтары он айдан астам уақыт бұрын – 2020 жылғы 16 маусымда басталды.
Клиникалық сынақтарға алғашқы қатысушылар арасында өлім деңгейінің кенеттен артуы немесе ішкі ағзалардың бұзылуына байланысты оларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы хабарланған жоқ.
Қорыта айтқанда, вакциналар құрамындағы у туралы мәлімдемелер вакцинацияға қарсы адамдар жүргізіп жатқан науқанның бір бөлігі болып табылады. Бұған ешқандай дәлелдер жоқ және бұл белгілі фактілерге қайшы келеді.