Fake News

Негізсіз: «COVID-19 ауырғаннан кейін алты ай өткен соң егілу керек»

Әлеуметтік желілерде қолданушылар COVID-19 жазылғаннан кейін үш ай өткен соң екпе салдыру қауіпті екендігі туралы ақпарат таратуда. ДДСҰ вакцинаны сауыққаннан кейін алты ай өткен соң алуды ұсынады екен. Шындығында, мұндай ұсыныстар жоқ.


ДДСҰ-ның ресми сайтында КВИ қарсы вакцинацияға қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар бөлімі бар. «Егер COVID-19 ауырсам, егілуім керек пе?» деген сұраққа мынадай жауап берілген:
«COVID-19 ауырсаңыз да, ұсынған жағдайда вакцина салдыру керек. COVID-19 қорғаныс әр адамда әр түрлі болады, сондай-ақ біз табиғи иммунитеттің қанша уақытқа жететінін білмейміз.»
Сайтта аурудан жазылғаннан кейін алты ай өткен соң вакцинациялану туралы ұсыныстар жоқ.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) COVID-19 моноклоналды антиденелермен немесе сауыққандардың плазмасымен емделгендерден басқа ауырған адамдарға мүмкіндігінше тез егілуге кеңес береді. 
Францияда вакцинаны сауыққаннан кейін үш айдан кейін алу ұсынылады.
Еуроодақ елдерінде COVID-19 ауырғаннан кейін оның қаншалықты ауыр болғанына байланысты үш-сегіз ай өткен соң вакцина алу ұсынылады.
Бүгінгі күні КВИ-ден жазылғаннан кейін вакцина алған адамдардың күтпеген асқынулардан зардап шеккені туралы хабарланған жоқ. Керісінше, әлемде вакцина алғаннан кейін адамдарда постковидті синдром белгілері жоғалған жағдайлар тіркелген. 
Демек, COVID-19-дан кейін алты айдың ішінде егілу қауіпті екендігі туралы мәлімдемелер негізсіз. ДДСҰ ресми сайтында мұндай ұсыныстар жоқ. Кейбір елдерде азаматтарға сауыққаннан кейін үш ай өткен соң және одан да ерте екпе салдыруға кеңес берілуде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button