Fake News

“Қазақстанның басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ” – ИИДМ

Кейбір интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы хабарлама тарады. Бұл тұжырым – фейк. ҚР ИИДМ бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды.

“Қазақстан еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы барлық міндеттемелерін сақтауды ұстанады және басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ. Мақалада айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайды және оған еш негіз жоқ”, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Министрлік жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Тек ресми дереккөздерді ғана басшылыққа алу керек.

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы 2-3 қарашада Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында Silk Way West Airlines әуе компаниясының ұшақтары ұшпаған.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button