Fake News

Симптомсыз COVID-19 тасымалдаушыдан індетті жұқтыруға бола ма?

Қазақстандық әлеуметтік желілерде «COVID-19 симптомсыз тасымалдаушылары» – ойдан шығарылған, ал ауру белгілері жоқ адамдар вирусты жұқтырмайды деген хабарлама таратылуда. Бұл фейк. Диагнозы расталған, бірақ белгілері жоқ адамдар инфекция көзі бола ала ма, осы жайлы айтып береміз.

 

Посттың басында автор «Симптомсыз тасымалдаушыларды не үшін ойлап тапты?» деген сұрақ қояды. Бірақ симптомсыз COVID-19 тасымалдаушыларының неге күмән келтіретінін, мұндай қорытынды жасауына қандай ғылыми фактілер мен зерттеулер түрткі боғланын айтпайды. Бұл жарияланымның әлеуметтік желілерде таралуына кедергі болмады.

COVID-19 симптомсыз тасымалдаушыларының бар екенін ПТР диагностика нәтижелері, әлем бойынша індетті жұқтырғандардың статистикасы және ғалымдардың зерттеу нәтижелері де дәлеледйді. ДДСҰ-ның техникалық жетекшісі Мария ван Керкховенің айтуынша, әлем халқының 41 пайызына дейін ауруды ешқандай белгілерсіз жұқтыруы мүмкін

Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары инфекцияны өзгеге жұқтыруы мүмкін екендігіне әлемдік ғалымдар да сенімді. Мысалы, 2020 жылдың ақпан айында The Lancet-те жарияланған қытайлық сарапшылардың зерттеуінде екі отбасы мүшелерінің рентгенде белгілері мен ауытқулары болмаған, бірақ жоғарғы тыныс алу жолдарынан алынған шырышты сынамалар вирустың барын көрсеткен белгілі бір отбасында симптомсыз тасымалдаушылардан инфекцияның індетті жұқтырудың қалай болатыны туралы айтылған.

«Айта кетейік, симптомсыз пациенттер (…) ауру екендері туралы білмеуі мүмкін, сондықтан оқшауланбайды немесе емделмейді, немесе оларды медицина мамандары өткізіп алады және осылайша байқаусызда вирусты басқаларға жұқтырады», – делінген зерттеуде.

Сарапшылардың пікірінше, симптомсыз тасымалдаушылардан вирусты 1-2 апта ішінде жұқтыруға болады.

«Шағымданбаған адамдарда аурудың барысын бақылау өте қиын. Сонымен қатар, вирус симптомсыз тасымалдаушылардан жұғады деп айтуға мүмкіндік беретін айтарлықтай маңызды ақпарат жиналған, бұл олардың айналадағы адамдар үшін шынымен қауіпті екенін білдіреді»,-деді ДДСҰ Еуропалық бюросының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының қызметкері Олег Стороженко халықаралық онлайн-брифинг барысында

ПТР-тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда, науқас өзін-өзі оқшаулауы қажет. Мәжбүрлі байланыс болған кезінде басқаларға жұқтыру ықтималдығын азайту үшін санитарлық ережелерді сақтау маңызды – маска тағу, жиі қол жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

«Симптомсыз тасымалдаушы 14 күн бойы карантинде болуы керек. 12-тәулікте ПТР – тест тапсырады және оның нәтижесі теріс болса, ол айналадағыларға ауру жұқтырмайды. Бірақ қазіргі кезде тест нәтижесі 10 тәуліктен кейін оң болса да, олардың адамдарға қауіп төндірмейтінін растайтын халықаралық зерттеулер бар», – деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда халықаралық тәжірибе бойынша COVID-19 симптомсыз тасымалдаушыларын бақылау емханаларға тапсырылды. Алайда, симптомсыз науқастар нақты емделмейді. Препараттар симптомдар пайда болған кезде тағайындалады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button