Fake News

Фейк: «Жанаспайтын термометрлер дене температурасын өлшей алмайды»

Қазнетте COVID-19 пандемиясы кезінде барлық жерде қолданылып жүрген жанаспайтын термометрлер іс жүзінде адам денесінің температурасын өлшеуге арналмаған деген ақпарат таратылуда. Бұл туралы Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы Алматы филиалының бөлім басшысы Жақсылық Қарақожаев мәлімдепті. Бұл – жалған.


Жақсылық Қарақожаевтың айтуынша, фейк оның айтқан сөзін бұрмалаудан туған. Ол Stopfake.kz тілшісіне, шын мәнінде, термометрлерді медициналық мақсатта пайдалану туралы айтқанын түсіндірді.

– Қазақстанда медициналық мақсатта қолтық астындағы температураны өлшейтін сұйық немесе электронды термометрлерді қолдануға рұқсат етілген. Олар сертификатталған, тізілімге енгізілген және олардың дәлсіздігі 0,1 градустан аспайды. Тепловизорлардың дәлсіздігі көптеу – оларды медициналық мақсатта қолдануға болмайды. Супермаркеттерде және басқа да қоғамдық орындарда оларды мониторингтік мақсатта пайдаланады – бұл басқа. Егер тепловизорлар қажетті дәлдікке ие болса және мамандандырылған органдармен тексерілсе, олар мониторингтеу үшін қолайлы. Бірақ дәлсіздігі жоғары болғандықтан мониторингтеу үшін пирометрлерді пайдалануды ұсынбас едім, – деп хабарлады Жақсылық Қарақожаев.

______

Өнеркәсіптік термометрлер Цельсий бойынша -20-дан 1500 градусқа дейінгі температураны анықтай алады. Моделіне және мақсатына байланысты бұл диапазон кеңірек болуы мүмкін. Олар тұрмыстық термометрлерден сипаттамасымен ғана емес, сыртқы көрінісімен де ерекшеленеді.
Өнеркәсіптік құрылғыларда көбінесе қосымша түймелер болады және объектінің температурасын сандық баламада көрсетіп қана қоймай, толық егжей-тегжейлі инфрақызыл суретті көрсетеді. 
Сонымен қатар, тұрмыстық жанаспайтын термометрлер нақты дене температурасын өлшеуге арналған, оларда температуралар диапазоны аз, қосымша функциялары жоқ және инфрақызыл сурет экранға шығарылмайды. Ал бағасы өнеркәсіптік термометрлерден әлдеқайда арзан.
Демек, жанаспайтын термометрмен адамның температурасын өлшеу мүмкін емес деген тұжырым фейк болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button