Маскаларды микроскоппен қарау – Facebook пайдаланушысы қорғаныс құралдарының тиімділігіне талдау жасады
Қай маска вирустардан сенімдірек қорғайды? Facebook пайдаланушысы қарапайым микроскоптың көмегімен тәжірибе жасап, маскалардың коронавируспен күресте шынымен тиімді құрал болып табылатынына көз жеткізді. Бұл туралы ол өз парақшасында жазған.
Тексеру үшін хирургиялық «көк» маска, қытайлық NoName KN95 респираторы (FFP2 сәйкес келеді) және тағы да бір қытайлық маска PM2.5 респираторларына арналған NoName фильтрі таңдалды.
Хирургиялық маска.
Хирургиялық маска үш қабатты, оның барлығы тоқыма емес, айтарлықтай қалың. Жарық өткізбейді.
Респираторларға арналған PM 2.5 фильтрі.
Сергей респираторлар үшін қолданылған фильтр 5 қабатты, сыртқы гидрофобты, ылғалды ұстап тұратын ішкі қабат және екі қалың (салыстырмалы түрде) тығыз фильтрлеу қабаты, ең соңғысы ішкі абсорбент қабат.
FFP2 (KN95) маскасы.
4 қабаттан тұрады, PM2.5 маскасына ұқсас, тек 5-қабаты жоқ. Бірақ PM2.5 маскалары да төрт қабатты болады, сондай-ақ 5-ші абсорбент қабаты бар FFP2 маскалары да (мысалы, 3M) кездеседі.
Автордың атап өтуінше, масканың (фильтрдің) жұмыс істеу принциптері әртүрлі болады. Ауада ұшатынның бәріне гравитациялық, аэродинамикалық және электростатикалық күштер әсер етеді.
«Қарастырылып отырған жағдайда бортта вирус бар бөлшектерге (оның ішінде аэрозоль) Ван-дер-ваальс күштері әсер етеді. Бұл күштер өлшемге аса тәуелді, бірақ бір бөлшектің көлемі екіншісіне қарағанда әлдеқайда кішірек болса, онда күш өлшемге пропорционалды болады (Лондон теңдеуінің Гамакер аппроксимациясы). Осылайша, өлшем төмендеген сайын ұшқан зат пен маска «торы» элементтерінің арасындағы өзара электростатикалық әрекеттесу басым болады. Яғни, вирустың маскадан өтуі екіталай», – делінген хабарламада.
Оның айтуынша, вирус маскадан оңай өтеді деген интуитивті түсінік қате. Тіпті, сілекей тамшысындағы вирус та фильтр элементтерінде тұрып қалады. Хирургиялық маскалар, FFP1, FFP2 және FFP3 респираторлары вирусты жұқтырудан 65, 90, 95 немесе 99%-ға сақтайды. Физикалық модельдер тәжірибелік деректер растады.
Сергей Богданов маска тағудың пайдасына екі дәлел келтірді. Біріншіден, физикада вирустың (сілекей тамшысындағы вирусты қоса алғанда) маска арқылы өтпейтінін дәлелдейтін механизмдер бар. Екіншіден, тәжірибе барысында алынған мәліметтер масканың немесе респиратордың вирустан қорғайтынын көрсетті.