Фейк: «Вакцинация балалар үшін өлім жазасымен тең»
Қазнет пайдаланушылары COVID-19-ға қарсы екпелердің балалар үшін қауіпті деп ескертуде. Бұл ауруға қарсы вакциналар өлімге әкеледі және вакцинацияланған балалар иммунитетін жоғалтады екен. Мұның бәрі өтірік.
Таралған хабарламада балалар вакцинациядан кейін аман қалмауы немесе кез келген патогендерге қарсы тұру қабілетін біржола жоғалтуы мүмкін деп айтқан Герт Ванден Босшенің сөздері келтірілген.
Шындығында, бұл дәрігердің сөздеріне сақтықпен қарау керек. Мәселе мынада, ол мамандығы бойынша ветеринар, ал «вакцинация бойынша сарапшы» деп оны тек вакцинацияға қарсы адамдар ғана атайды. Оның иммунология саласында білімі жоқ.
Доктор Босше бұқаралық ақпарат құралдарының назарын бұған дейін де аударып келген. Оның сөздерін неміс, америкалық және үнді фактчекерлері жоққа шығарды.
Босшенің вакцинацияланған балалар иммунитетін жоғалтады деген теориялары дәлелсіз және ғылымға қарсы. Бұған дейін вакцинацияға қарсы басқа да тұлғалар осындай мәлімдемелер жасаған болатын. Әр жолы бұл теориялар жоққа шығарылды.
Испаниядағы ДДҰ-ның вакцина қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық орталығының үйлестірушісі, профессор Ф. Мартиньон-Торрес COVID-19 қарсы вакциналардың иммундық жүйені әлсірететініне ешқандай дәлел жоқ дейді. Оның айтуынша, мұндай ақпарат әлем бойынша миллиондаған адам ауруға қарсы вакцина алғаннан кейін де болмаға.
– Егер COVID-19 қарсы вакциналар иммундық жүйені төмендетсе, онда вакцинацияланған адамдар қатты ауыратын еді, бірақ олай болып жатқан жоқ. Еуропада жақында жүргізілген зерттеу вакцинация 33 елде 60 жастан асқандар арасында 500 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалғанын көрсетті. COVID-19 жұқтырған қарқынды терапия бөлімшелеріндегі пациенттердің басым бөлігі егілмеген, – деді профессор Мартиньон-Торрес.
Демек, COVID-19 қарсы вакциналардың қауіптілігі туралы ақпарат – сенімсіз дереккөзден тараған тағы бір фейк.