Фейк: «Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың деректерін үшінші тұлғаларға береді»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ashyq бағдарламасын пайдалану қауіпсіз емес деген ақпарат тарады. Ол Сейшел аралдарында тіркелген және қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға «біріктіреді» деген болжам бар. Бұл жалған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» таратылған ақпаратты АҚ жоққа шығарды.
– Ashyq ақпараттық қауіпсіздіктің барлық бірыңғай талаптарына сәйкес келетін және Қазақстанда тіркелген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) қорғалған контурындағы серверлерде орналасқан. Қосымшаның функционалы дербес деректерді сақтауды, әсіресе деректерді үшінші тұлғаларға беруді болдырмайды. Ashyq-тың бағдарламалық қамтамасыз етілуі азаматтың мәртебесін ғана көрсетеді. QR-кодты сканерлеу кезінде Ashyq автоматты түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорына адамның мәртебесін (қауіпсіз, бейтарап, ауру жұқтырған және науқаспен байланыста болған) анықтау үшін сұрау жібереді, бұдан басқа QR-кодты сканерлеу кезінде ешқандай іс-әрекеттер жүзеге асырылмайды. Ashyq жеке деректерді сақтамайды және жинақтамайды, – деп хабарлады компания.
Сондай-ақ, «ҰАТ» АҚ жалған ақпарат таратпауға шақырды.