Fake News

Фейк: «Ғалымдар өмірді ұзартудың жолын тапты»

Әлеуметтік желілерде BioViva биотехнологиялық зерттеу компаниясының ғылыми жаңалығы туралы ақпарат тарады, соның арқасында ғалымдар тышқандардың өмір сүру ұзақтығын арттырудың жолын тапқан екен. Бұл шынымен де солай. Сонымен қатар хабарламада бұл әдісті қолданған BioViva компаниясының бас директоры Элизабет Пэрриш туралы да айтылған. Осылайша, ол өмір сүру ұзақтығын арттырып, бұл әдістің адамға да әсер ететінін дәлелдеген. Алайда, бұл ғылыми тұрғыдан расталмаған, демек, шындық жанаспайды.

Әр адамның ДНҚ-сы тіршілік процесінде тозатын теломерлермен қорғалған. Сонымен қатар теломердің қысқаруы адамның қартаю жылдамдығына және әртүрлі аурулардың, мысалы, инфекциялар немесе онкологияның бейімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Бірақ теломерлерді қалпына келтіре алатын фермент – теломераза бар. Теломераза адамда эмбриональді даму сатысында ғана дамиды. Одан әрі бұл фермент белсенді болмайды.

Зерттеуде гендік терапия әдісі қолданылды. Атап айтқанда, тышқандардың денесіне вирустық вектор енгізілген, оның құрамында теломераза мен теломерлерді ұзарта алатын фоллистатин геномы бар. Геномдар айына бір рет екі жолмен енгізілген – егі және мұрынға бүрку арқылы. Бірнеше бақылау тобы, оның ішінде геномды алмаған тышқандар да болды. Зерттеу 18 айлық кеміргіштерде жүргізілді, бұл адамның 56 жасына сәйкес келеді.  29 айға қарай теломераза немесе фоллистатин алмаған тышқандар қайтыс болды. Бірақ зерттеу барысында ғалымдар енгізілген геномдар өмірді едәуір ұзартатынын анықтады. Мысалы, фоллистатин алған жануарлар ең көп дегенде 37 айға дейін, ал теломеразасы бар кейбір тышқандар 40 айға дейін өмір сүрген. Сонымен қатар кеміргіш теломерлердің ұзындығы 8 айлық тышқанның көлеміне дейін өскен.

Бұл әдіс тышқандарға әсер еткенімен, осы ғалымдар оның адамға қатысты зерттеуге оң нәтиже беретініне күмән келтіреді. Векторлық вирус тіндерге жете ала ма, жоқ па, белгісіз. Сонымен қатар адамның теломерлері қысқа, ал теломеразаның әсер ету деңгейі тышқандардікіне қарағанда төмен. Сондықтан әдіс тиімсіз болуы мүмкін.

Бұл әдісті сынап көрген Элизабет Пэрришке келетін болсақ, геномның әсер еткеніне ғылыми дәлелдер жоқ. Өйткені, ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ және денсаулығының жақсарғаны және теломерлердің ұзарғаны туралы барлық ақпарат Пэрриштің өзінен алынған.

Демек, әзірленген әдіс тышқандарда оң нәтиже көрсетті. Бірақ оның адамдарға қатысты тиімділігі дәлелденбеген. Адамдарда геномды қолдана отырып, зерттеу жүргізілген жоқ. Элизабет Пэрриштен геном алудың сәтті өткені медициналық сынақтар өткізілмегендіктен расталмайды. Сондай-ақ Пэрриштің геном инъекцияларын  қолданылғаны белгісіз, өйткені бұл туралы айтылғанымен, оның сөздері дәлелденбеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button