Fake News

Қазақстанда ЛГБТ-кейіпкерлерімен балалар кітаптары сатылмайды

Әлеуметтік желілерде рыцарьға ғашық болып, онымен үйленген ханзада туралы кітап көрсетілген видео тарады. Қазнет пайдаланушылары мұндай әдебиет отандық дүкендерде де бар шығар деп алаңдауда. Алайда Қазақстанда мұндай балалар әдебиеті жоқ.

Видео авторы Даниэль Хаактың «Ханзада және рыцарь» атты кітабы ағылшын тілінде жазылған және 2018 жылы Little Bee Books баспасынан шыққан. Ол АҚШ, Канада және Жапония елдерінде сатылады. Бірақ әңгіме орыс тіліне де, қазақ тіліне де аударылмаған.

Бұл ЛГБТ қауымдастығының өкілдері туралы балаларға ағылшын тілінде жазылған жалғыз кітап емес. АҚШ-та кейбір саясаткерлер мен ата-аналардың наразылығын тудырған мұндай әдебиеттер бірнеше рет қызу пікірталастың болуына сеп болған.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button