Фейк: «Камбоджада өз халқын алдаған саясаткерлерді өлтіруді ұсынды»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Камбоджаның саяси күн тәртібін талқыға салды. Кейбір пайдаланушылар Камбоджада алақол шенеуніктерді өлім жазасына кесу ресми түрде ұсынылғаны туралы жаңалықпен бөлісуде. Бұл ақпарат расталмады.
Ірі бұқаралық ақпарат құралдарында Камбоджада осындай заң жобасы қаралып жатқандығы туралы хабарламалар болған жоқ. Сонымен қатар, мұндай жаңалықтар ел Конституциясына тікелей қайшы келеді және оны өзгертпей іскес асырылмайды.
Атап айтқанда, Камбоджа Конституциясының 32-бабында: «Әр адамның өмір сүруге, бостандыққа және өз қауіпсіздігіне құқығы бар. Өлім жазасы болмауы керек» делінген.
2019 жылы Камбоджа премьер-министрі Хун Сен педофилдер үшін өлім жазасын енгізуді ұсынған болатын, бірақ бұл Негізгі заңға түзетулер енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады, ол үшін ұлттық референдум өткізу қажет. Бірер уақыттан кейін Премьер-Министр өлім жазасына қатысты өз ұстанымын өзгертіп, референдум өткізілген жоқ.
Қорыта айтқанда, Камбоджада ең жоғары жаза заңсыз деп саналады және ол ешкімге қолданылмайды.