Fake News
WhatsApp-та «Дәрігерлер бригадасы» туралы ескі фейк тарады
WhatsApp-та өздерін дәрігер деп таныстырып, вирусқа қарсы санитарлық өңдеу жүргізетінін желеу етіп, көзден жас ағызатын газ шашатын пәтер тонаушылары туралы ақпарат тарады. Бұл ескі фейк.
Дәл осындай хабарламаларды пайдаланушылар 2020 жылдың наурыз айында Ресей мен Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратқан болатын. «Дәрігерлер бригадасы» туралы фейкті көптеген БАҚ жоққа шығарды.
Алматы Полиция департаменті де таралған ақпарат жалған деп хабарлады.
«Бұл фейк ақпарат. Оның Алматыға, жалпы Қазақстанға қатысы жоқ. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат жасап, тарату – қылмыстық жазаланатын іс-әрекет», – деп хабарлады ведомстводан.