Fake News

Манипуляция: «КВИ-дің симптомсыз түрімен ауырғандар оны басқаларға жұқтыра алмайды»

Әлеуметтік желілерде Уханьда жүргізілген ғылыми зерттеу талқылануда. Тәжірибе барысында қаланың 10 миллион тұрғыны тексерілген, оның ішінде 300 адам COVID-19 симптомсыз ауырғандар. Зерттеу нәтижесі олардың ешқайсысы ауру жұқтырмайтынын көрсетті. Бұл тұжырымдар ауру туралы бұрын білгенімізді өзгертпейді. Неге? Түсіндіріп өтейік.


Қазақстандықтар жазған зерттеу бар және жүргізілген. Қатысушылар ПТР талдауын тапсырған және ауру жұқтыру жағдайлары жайлы айтып берген. 300 адамда талдау нәтижесі оң болды, бірақ оларда аурудың белгілері байқалмаған. Бір қызығы, бұл жағдайларды егжей-тегжейлі зерттей отырып, ғалымдар осы пациенттердің биоматериалдарының үлгілерінде кездесетін вирус өміршең емес деген қорытындыға келген.
Демек, зерттеуге қатысқан симптомсыз науқастар COVID-19 басқаларға жұқтыра алмаған.
Алайда, ғылыми еңбектің авторлары алынған нәтижелерді аурудың белгілері жоқ барлық науқастарға бірдей қолдануға болмайтынын айтады.
Зерттеу барысында Уханьдағы әріптестерімен бірге жұмыс істеген Норвич UEA медициналық мектебінің Фуцзян Сун былай деді: «Скринингтік бағдарламада анықталған симптомсыз жағдайлар шынымен симптомсыз болды, өйткені олардың ешқайсысында оқшауланғанға дейін немесе одан кейін клиникалық белгілер болған жоқ». Бірақ: «COVID-19 жұқтырған адамдар ауру белгілері пайда болғанға дейін уақытша симптомсыз және жұқпалы болуы мүмкін екендігіне дәлелдер көп», – деп қосты.
Ғалым сондай-ақ: «Бұл симптомсыз жағдайлар Уханьда 70 күннен астам уақытқа созылған өте қатаң оқшаулау жеңілдетілгеннен кейін көп ұзамай анықталды. Ол кезде Уханьдағы індет бақылауға алынған болатын. Симптомсыз оң жағдайлардың болуына және Ухань тұрғындарының жоғары сезімталдығына байланысты тыныштануға әлі ерте».
Әлем бойынша симптомсыз науқастардан COVID-19 жұқтырудың дәлелденген жағдайлары бар.
Өткен жылдың қаңтар айында Сингапурда, шіркеуге ғибадат етуге барған қытайлық ерлі-зайыптылар аурудың жаппай таралуына себеп болған. Кейіннен олардың ауру жұқтырғаны, бірақ оның ешқандай белгілері болмағаны анықталды. 
COVID-19 симптомсыз тасымалдаушыдан жұқтыруға болатын жалғыз ауру емес. Бұған мысал ретінде Мэри Малонды келтіріп өтуге болады. Ол іш сүзегінің симптомсыз тасымалдаушысы бола тұра, аспаз болып жұмыс істеген. Нәтижесінде ауру көп адамға жұққан, кейбірі одан қайтыс болды.
Мерез, цитомегаловирус, Эпштейн вирусы және т.б. симптомсыз тасымалдаушылары да ауру таратуы мүмкін.

Осылайша, Уханьда жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін барлық COVID-19 жұқтырған симптомсыз науқастарға қатысты деп ойлау дұрыс емес. Авторлардың өздері әлемде симптомсыз науқастардан ауру жұқтырудың дәлелденген жағдайлары бар екенін айтады. Сонымен қатар, зерттеу екі айдан астам уақытқа созылған өте қатаң карантин жеңілдетілгеннен кейін жүргізілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button