Fake News

Қазақстандағы екі апталық локдаун туралы ақпарат – фейк

What’s App мессенджерінде алдағы уақытта енгізілетін жаңа екі апталық локдаун туралы ескерту таратылуда. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button