Fake News

Дезинфектор-тонаушылар туралы WhatsApp жіберілім — жалған ақпарат

WhatsApp мессенджерлерінде елорда тұрғындары дезинфекция түрімен тонау туралы дауыс хабарламасын таратуда. Аудио – жіберілімдерде қаскүнемдер пәтерлерге кіріп, әлдебір ұйқтататын  кішкентай баллондар туралы ескертеді.

 

«Астанада коронавирустан дезинфекциялайтын костюм киген адамдар есікті қағады.  Аңқау қарт адамдар мен балалар есікті ашып жібереді. Олар қолдарындағы ұйқтатын кішкентай баллонмен адамдарды бірден ұйқтатып, пәтерді тонайды. Бұл тонаудың жаңа түрі. Абай болыңыздар, өз таныстарыңызды ескертіңіздер»,- деп аудиохабарламада айтылған

StopFake редакциясы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне түсініктеме алуға жүгінді. ІІД баспасөз ақпараты мәлімдегендей, дезинфекция сылтауымен тонап жүрген тұлғалар тобы туралы ақпарат – ойдан шығарылған болды.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінде осы факт бойынша ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (көрінеу жалған ақпарат тарату)», —  деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Ведомствода атап өткендей, бұл жалған ақпараттың бірінші жағдайы емес. Жалған ақпаратты таратуға қатысы бар тұлғалар анықталды және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button