Fake News

Фейк: «Коронавирустың қоздырғышы – радиацияға ұшыраған бактерия»

Қазнет қолданушылары ескі фейкті қайта тарата бастады. Хабарламаға сәйкес, Якутияда Саха Республикасында COVID-19-дан қайтыс болған науқасты алғаш рет тексерген. Нәтижесінде дәрігерлер аурудың қоздырғышы вирус емес, радиацияға ұшыраған және тромбоз тудыратын бактерия екенін анықтаған. Бұл жалған.

Бұл хабарламаны Якутияның Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
– Якутияның Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарады. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастарды емдеу және патологоанатомиялық тексеру РФ Денсаулық сақтау министрлігінің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі, онда медицина қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмдері нақты жазылған. Стационарда тірі кезінде COVID-19 диагнозы қойылған немесе «COVID-19 күдікті және ықтимал жағдайы» санатына жатқызылған науқас қайтыс болған жағдайда, патологоанатомиялық ашып тексеру федералдық заңдарға сәйкес, биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, осындай тексерулер үшін арнайы бейінделген, оның ішінде стационараралық патологоанатомиялық бөлімшелерде жүргізіледі, – делінген ведомствоның ресми сайтында. 
КВИ-ден қайтыс болған науқасты «әлемде алғаш рет» ашып тексеру туралы ұқсас мәтіндер бұған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын. Ол кезде пайдаланушылар КВИ қоздырғышын анықтаған Германия, Италия және Ресей ғалымдары деп келді.

Фейк: «Ғалымдар COVID-19 вирус емес, бактерия тудыратынын дәлелдеді»

Алайда, осындай хабарламаларда ұсынылған ақпарат толықтай дұрыс емес. Біріншіден, ДДСҰ және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сайттарында COVID-19-дан қайтыс болғандардың тіндерінің үлгілерін алу және аутопсия жүргізу бойынша ұсыныстар бар.  Олар пандемия басталғанда жарияланды, демек, COVID-19-дан қайтыс болғандарды ашып тексеруге ешқашан тыйым салынбаған.
Екіншіден, аурудың қоздырғышы вирус екендігі ғылыми дәлелденген факт. SARS-CoV-2 коронавирус геномы толығымен ашылған және оның микроскоппен түсірілген суреттерін Желіден оңай табуға болады.
Үшіншіден, хабарламада айтылғандай вирустық ауруларды аспиринмен және антикоагулянттармен емдеу тиімсіз. Бұл препараттарды КВИ жұқтырған пациенттерде ілеспе аурулар немесе асқынулар болған кезде ғана қолдануға болады. 
Қорыта айтқанда, КВИ қоздырғышы – радиацияға ұшыраған бактерия деген ақпарат жалған. КВИ-ден қайтыс болған науқасты әлемде алғаш рет тексеру және бұл ауруды аспиринмен және антикоагулянттармен емдеу керек екендігі туралы ақпарат – бірнеше рет теріске шығарылған ескі жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button