Fake News

Қазақстан тұрғындарының басым бөлігіне мемлекеттік жәрдемақы төленуге тиіс -­ фейк

WhatsApp-та 25 жастан бастап 65-тен асқандарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуға тиіс деген хабарлама таратылуда. Оны алу үшін сауалнамадан өту керек екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазақстан Республикасының ресми сайттарында жаңа жәрдемақы туралы хабарланған жоқ. Мұндай ақпарат үкіметтің сайтында да, президенттің порталында да жоқ. Елдің бірде-бір департаменті немесе комитеті жаңа бағдарлама туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Мемлекеттен төленетін төлемдер туралы ақпарат үшінші тарап порталдарында жарияланбайтынын естен шығармаған жөн. Жеке деректеріңізді Желідегі белгісіз ресурстарда қалдыруға бомлайды.

Төлемдер туралы мұндай фейк ақпарат интернетте жыл сайын жарияланады. Біз оларды сайтымызда бірнеше рет әшкереледік.

Былтыр қазақстандықтарға әлеуметтік қордан төлемдер төленетіні туралы ақпарат тараған. Ол да жалған болып шықты.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button