Алаяқтар Halyk Bank атынан «оңай» табыс табуды ұсынады

Қазнетте Halyk Bank атынан жалған жарнама жарияланды. Белгісіз біреулер 70 мың теңге салып, бір апта ішінде одан екі есе артық ақша алуды ұсынады. Шын мәнінде, бұл алаяқтық схема, оның аталған банкке ешқандай қатысы жоқ.
Halyk Bank-тің ресми сайтында мұндай хабарландыру жоқ.
Банктің Instagram және Facebook-тегі ресми парақшаларында да жарияланбаған.
Хабарламада фишингтің барлық белгілері бар: пайда табу және күмәнді сайтқа сілтеме. Интернеттегі алаяқтықтың бұл түрі алаяқтарға пайдаланушылардың логиндер, парольдер, мобильді банкинг туралы ақпарат сияқты жеке деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сақ болыңыз және деректеріңізді бейтаныс сайттарда енгізбеңіз.
Өткен аптада осындай тағы бір жарнаманы жоққа шығардық. Алаяқтар қазақстандық Freedom Broker инвестициялық компаниясының атынан әрекет етіп, бір апта ішінде қомақты қаржы табуды ұсынады.