Fake News

Дәлелсіз: «Қайтыс болған вакцинацияланған адамдардың денелерінен ерекше пішінді тромбтар табылды»

Қазнет қолданушылары АҚШ бальзамдаушысы Ричард Хиршман сөз сөйлеген бағдарламадан алынған үзіндімен бөлісуде. Оның айтуынша, егу науқаны басталғаннан бері ол тірі кезінде COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың денелерінен ерекше пішінді және консистенциялы тромбтар тапқан. Ол мұны вакциналармен байланыстырып, өлімге себеп болған сол дейді. Мұндай мәлімдемелер мүлдем негізсіз.

Тромбтардың пайда болуы туралы теориясымен ол Джейн Руби шоуында бөлісті. Джейн Руби өз бағдарламасын ашқанға дейін COVID-19 пандемиясы мен вакциналар туралы жалған мәлімдемелер таратқан, ол докторлық дәрежесін медицинада емес, психологияда қорғағанын көрсетпей, өзін дәрігер деп атады.
Ерекше тромбтарға келсек, дәрігерлер мен бальзамдаушылар осыған қатысты пікірлерін білдірді. Мысалы, Финикстегі (Аризона астанасы) мәйітхана қызметкері Моника Торрес PolitiFact порталына «бальзамдауға дейін ұзақ уақыт тоңазытқышта болған денелердегі қара тромбтар ерекшелік емес» деп мәлімдеді.
PolitoFact-тта шыққан осы мақалада Юта Денсаулық университетінің гематологы Язан Абу-Исмаилдің де сөздері келтірілген. Ол COVID-19 тромбтардың қалыптасуының себебі болуы мүмкін екенін айтады.
– Ауруханаға жатқызылған COVID-19 жұқтырған пациенттер терең тамырлар мен артериялардың тромбозынан зардап шегуі мүмкін, бұл кейде инфарктқа әкеледі. Мұндай жағдай COVID-19 ауыр түрімен ауырғандарда жиі болады, бірақ орташа немесе жеңіл ауырған адамдар да тромбоз болу қаупі бар», – деді ол.
Сондай-ақ, ол тромбоздың қалыптасуы COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастардың 20-40%-ында, сондай-ақ жеңіл және орташа формада ауырғандардың 3-9% – ында байқалғанын атап өтті.
COVID-19 салдарынан тромбтар қалыптасуы мүмкін екенін басқа мамандар да растайды.
2021 жылы сәуір айында Оксфорд университетінің қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарда вакцинацияланған және ауруды жұқтырмағандарға қарағанда тромбоздың қалыптасу қаупі 10 есе жоғары екендігін көрсеткен зерттеу жүргізді.
Қорыта айтқанда, Ричард Хиршманның мәлімдемелері негізсіз және COVID-19 қарсы вакциналар ерекше тромбтардың пайда болуына себеп болатын растамайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button