Fake News

ҚР ІІМ мектептерде кәмпит түрінде синтетикалық есірткі тарату туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

X (Twitter) платформасында тараған видеода мектептерде белгісіз біреулер балаларға қауіпті синтетикалық есірткі қосылған кәмпиттер тарататыны айтылған. Оқу орындарының бірінде тәттіге толын пакет табылған, оның ішінде тыйым салынған заттар болған екен. Бұл фейк.

Бұл ескі ролик. Ол 2019 жылдың желтоқсан айының басында тараған. Новосібірде түсірілген. Бала уланып, ауруханаға түскен. Полицейлер тексеру барысында оның есірткі қосылған кәмпит жегенін растаған жоқ.

Айта кетейік, мектептерде балаларға есірткі қосылған сағыз бен кәмпит туралы фейк хабарламалар Желіде 2014 жылдан бері таралып келеді. Оларды әртүрлі елдерде билік, полиция және фактчекерлер жоққа шығарады. Атап айтқанда, латвиялық Delfi фактчекері де тергеу жүргізген. Үкім – бұл адамдарды алдап, шатастыратын ролик.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі де бұл видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде мектептерде есірткі қосылған кәмпит берілетіні туралы видео тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанның оқу орындарында мұндай жағдайлар анықталған жоқ.

Фейктерге сенбеуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету маңызды:

– бөтен адамнан тамақ пен сусын алмау;

– әзіл үшін де, қызығушылық үшін де белгісіз заттарды алмау;

– біреу күмәнді бірнәрсе ұсынса, ол туралы ересектерге бірден айту.

Естеріңізде болсын: есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

2025 жылдың ақпан айының басында біз қазақстандық мектептерде кәмпит түрінде есірткі таратылатыны туралы жалған ақпаратты жоққа шығардық.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button