Fake NewsМедициналық фейктер

COVID-19 емдеу мен химиотерапияның жанама әсерлері бірдей емес

Қазақстандықтар стационарларда COVID-19-дан ем алғандар мен химиотерапиядан өткен адамдарда жанама әсерлері бірдей екендігі туралы теорияны талқылауда. Белгілі блогер өзінің жеке бақылауларына сүйене отырып, осындай болжам жасаған. Оның пікірінше, пациенттерді ауруханаларда «әдейі» улайды. Шын мәнінде, постковидтық синдром химиотерапияның жағымсыз әсерлерінен мүлдем өзгеше.

Постковидтық синдром – бұл «Post COVID-19 condition» деп АХЖ-10 Аурулардың халықаралық жіктемесіне енгізілген жағдай.  Ол ауруханаға жатқызылғанына немесе үйде аурырғанына қарамастан COVID-19-бен ауырған адамдардың 20%-ында болады.

Постковидтық синдромның белгілері: әлсіздік, бас және бұлшықет ауыруы, ентігу, иіс сезудің жоғалуы, шаштың түсуі, ауыр жағдайларда – тістердің түсуі. Кейбір пациенттерде теріге бөртпелер шығады, бағыттан адасу, шатасу, дүрбелең, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, дене температурасының көтерілуі, қан қысымы мен аритмия және басқа белгілер байқалады.

Химиотерапия кезінде жүрек айну, диарея және басқа да асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, әлсіздік, шаштың түсуі, аяқ-қолдың ұюы, тері мен тырнақ қалпының өзгеруі, тіл немесе ерін жаралары сияты жанама әсерлер жиі болады.

Халықтың әртүрлі санаттарына арналған COVID-19 емдеудің қазақстандық хаттамалары ашық, баршаға қолжетімді.  Оларды Желіде жарияланған қатерлі ісік түрлерін диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларымен салыстыруға болады. Құжаттарда сипатталған әдістерді салыстыру COVID-19 емдеу қатерлі ісіктің бірде-бір түрін емдеуге ұқсамайтын дәлелдейді.

Ауруханаларда пациенттерді қауіпті дәрі-дәрмекпен қасақана уландырады деген болжам расталмайды және видео авторының жорамалы болып табылады.

Жалпы, КВИ-ден емделгендер мен қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқандардың жағдайының ұқсас болуы туралы теория блогердің жеке бақылаулары мен қиялына ғана негізделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button