Fake News

Фейк: «Адамдарды вакциналар арқылы чиптеу жүргізілетіні туралы ескертілген ресми құжат табылды»

Әлеуметтік желілерде қолданушылар COVID-19 қарсы вакциналар арқылы адамдарға айтпастан чиптеу жүргізілетінін растайтын бір құжат бар екендігі туралы ақпарат таратуда. Бұл қандай құжат? Ол ненің дәлелі? Түсіндіріп өтейік.

Қазақстандықтар сілтеме жасап отырған ресми ескерту Ресей ұлттық экологиялық қорының сайтында жарияланған. Атауына қарамастан, бұл мемлекеттік емес қор. БАҚ-та ол туралы ештеңе жазылмаған.
Ашық деректерге сәйкес, қор 2022 жылғы 13 шілдеде тарату сатысында тұрған қоғамдық ұйым ретінде тіркелген. Тіркеу мекен жайы бойынша қордың бас кеңсесі тұрғын үй пәтерінде орналасқан.
Демек, қор сайтындағы жарияланымдарды сенімді деп санауға негіз жоқ.
Құжаттың өзіне келетін болсақ, онда қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағумен келіспеу туралы жазылған. Мәтінде маскалардың денсаулыққа зиян тигізетіні туралы фейктер келтірілген, сондай-ақ міндетті түрде маска тағу режимі адамдарды алдағы чиптеуге көндіру үшін қажет деп айтылған. Мұның бәрі конспирологиялық және ғылымға қарсы идеялар.
Маска тағудың адамның физикалық немесе психикалық денсаулығына ешқандай зиян тигізбейтінін дәлелдейтін көптеген ғылыми зерттеулер бар. «Ескертуде» жазылған ақпаратқа қарамастан, ДДҰ маскалардың зияны туралы мәлімдеме жасаған жоқ, керісінше оны қоғамдық орындарда тағып жүруді ұсынады. 
Адамдарды вакциналар арқылы чиптеу – бұл конспирология. COVID-19 қарсы вакциналарда чип те, басқа бір бөгде заттар жоқ. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған препараттардың құрамымен танысу арқылы көз жеткізуге болады. 
Демек, вакциналар арқылы чиптеу жүргізілетіні ескертілген ресми құжат туралы таратылған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button