Fake News

Фейк: «Германияда енді COVID-19 қарсы вакцинация ұсынылмайды»

Желіде Германияда COVID-19 қарсы вакциналар ресми түрде қауіпті деп танылды және енді адамдарға егілуге кеңес берілмейді деп жазылды. Бұл рас па? Анықтайық.


Германияда вакцинация бойынша ресми ұсыныстарды Вакцинация жөніндегі тұрақты комитет (STIKO) ұсынады.
Соңғы рет жаңартылған ұсыныстарды комитет 2023 жылғы 23 ақпанда жариялады. Құжат интернетте қолжетімді, онымен кез келген адам таныса алады.
Онда вакцинацияның қауіптілігі туралы немесе Германия тұрғындарына енді COVID-19-ға қарсы егу ұсынылмайтыны туралы жазылмаған.
Комитет ұсынымтарда 2022 жылғы 10 қарашада Еуропалық Одақта 18 жастан асқандарды ревакцинациялау үшін мақұлданған VidPrevtyn Beta препаратымен егілмеуге кеңес беретіні айтылған. Вакцинация жөніндегі тұрақты комитеттің пікірінше, вакцинаны өндірушілер бұл препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы толық мәлімет бермеген. 
Германиядағы Вакцинация жөніндегі тұрақты комитет ЕО-да тіркелген барлық басқа вакциналармен алғашқы иммундау және ревакцинация алу үшін егілуге кеңес береді.
Германияның Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында иммундау қаупі туралы немесе ведомство азаматтарға вакцинациядан бас тартуға кеңес беретіні туралы ақпарат шықпаған. 
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Германияда COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті деп танылмаған және вакцинация бойынша ұсынымдардан бас тартылған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button